Сырт көзге біртүрлі көрінгенмен, бұл менің әдетке айналған әрекеттерім. Әр түсірілім алдында үнемі артикуляциялық жаттығуларды жасаймын. Дауыстың нық, дицияның таза шығуына ықпал етеді. Оқырмандарым “Дина ханым сіздің дауысыңз сіз өмірде де осындай ма?” деп жазыпты. Иә, достар, осындай үздіксәз жаттығулардың арқасында, қалыптастырған мендік тембр осындай… #динатолепберген #динатөлепберген #жаттығу #артикуляция
Көптің аузына қақпақ болу қиын… Желідегі жұрт пен хақ халықтың айырмашылығы бар. Тағдыры ешкімге ұқсамайтын Мақпал Жүнісова хейтерлерге жауап берді… Din Dina show Мақпал Жүнісовамен жуырда! КТК телеарнасында және Dina Tolepbergen YOUTUBE арнасында… #динатөлепберген #динатолепберген #МақпалЖүнісова
Түрімді көріп, шошымаңыз… Өзімнің жаңа бағдарламамның соңын Тіріғали мен Мағрипа аяқтасын деп шештік. Расында, әр бейнеге ену - түйсігіңді тереңдетуге жетелейді екен. "Неге осы образ?” – деп ойланып көріңізші🙏Бұл жай ғана кейіп емес, жүректен шыққан үн. Ойыңызды бөлісіңіз – бәлкім, Сіздің пікіріңізде шындықтың өзі жатқан шығар… DIN DINA SHOW әр жексенбі 21:00-де КТК арнасында һәм DINA TOLEPBERGEN YouTube арнасында #динатөлепберген #динатолепберген #dindinashow
“Кімге жіберу керегін білесің!” Жақсы күнде, жақсы мерекеде жақсы адамыңа алғыс айт! Бүгін Республика күні. Отанымыз осындай жаны жайсаң жандарға толы берсін! Мереке құтты болсын! #динатөлепберген #динатолепберген #Республикакүні
Ескі ізбен, жаңа жолға аяқ бастым! Мені қолдайды деген үміттемін… Мөлдір Әуелбековамен түсірілген Din Dina show алғашқы шығарылымын YouTube парақшамнан көре аласыздар! Сілтеме био-да! Көбісі неліктен атауы DIN DINA SHOW деп сұрап жатыр екен. Сіздер қалай ойлайсыздар? Менің тапқыр оқырмандарым бағдарлама атауының сырын біле ме екен? #динатолепберген #динатөлепберген #DINDINASHOW
Продюсерге елдің пікірі екіге бөлініп, бірі қолдап, бірі қатаң айтты деп қайыруда… “Әр адамның өз ақиқаты бар”, дейді Баян Мақсатқызы. Ақиқат пен адасушылық арасында көзге көрінбейтін шекара бар деседі. Әркім өз шындығы үшін шырылдайды, өз жеңісі үшін күреседі. Қалай ойлайсыз, адам өмірде міндетті түрде ақиқатқа жете ала ма, әлде ізденген күйі қала ма? Ал кешіру ше? Күш пе, әлде әлсіздік пе?" Толық шығарылымды көру үшін Dina Tolepbergen YouTube каналыма өтіңіздер. Сілтеме биомда белгіленген. #динатөлепберген #динатолепберген #DINDINASHOW
Қоңыр күз келіп, күн күңіренсе де, көңілдеріңіз суымасын. Әрбір сынақты, әрбір қиындықты жеңуге тырысыңыз. Адамды өсіретін де, өшіретін де сөз! Сынбас үшін Мұқағали Мақатаевтың өлең-шумағымен жігерленіп жүріңіз! #динатолепберген #динатөлепберген #поэзия #мақатаев
Біреу мені келеді жылатқысы, Біреу мені келеді құлатқысы… Поэзия оқымағаныма біраз болыпты. Сөз сүйектен өтеді деген осы-ау. Ішіміздегі алай-дүлейді, алтарыс-бұлтарысты өлең арқылы тарқатсаң, жаның рахат таппақ. Иә, бұл өлең жаны жай таппай, күйбең тіршіліктен күйзеліске түскен оқырмандарыма арналсын. Өлең авторы: Айкерім Мұратқызы Өлең шумақтарындағы жаныңызды тебіренткен қай тармақ? Жаза кетіңіз… #динатолепберген #динатөлепберген #поэзия
Грантсыз қалған 10 000 талапкердің 9800 грантқа түсті. 23-сотқа беріп, 12-і грантқа ілінбей қалды-мыс. Естеріңізде болса, жаз айында топан судың салдарынан жоғары балл жинаған талапкерлер гранттан қағылған еді. Осыдан 3 ай бұрын мұның әділетсіз екендігін айтқан едім. Енді міне, бұл сауалды Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мырзаға қойдым. “Жастардың көз жасына қалдым-ау, кінәлі сезім бойыңызда бар ма?” дегенімде: “ПО УМОЛЧАНИЮ КІНӘЛІМІН” деп жауап қатты. Қалай ойлайсыз? Кінәлі екенін шын сезініп тұр ма? Кезекті алаңдатушылық… Биыл не болмақ, бір Құдай біледі?! Бірақ министр бәрі ойдағыдай өтетініне сендірді… Білімді ұрпағымыздың бағын байлауға ешқашан болмайды… #динатөлепберген #динатолепберген #грант
Бала кезімде билейтін едім. Шымкенттің 'Айгөлек' деген ансамблінде жүріп, қимылмен әйелдік грацияның сырын сезінуді үйрендім. Жылдар өтті. Жұмыс талабы деп өзімді қатаңдық пен талаптың шеңберіне кіргіздім. Мүлдем билемедім. Биді тек терең ойларымда елестеттім. Қандай қате түсінік болған десеңізші… Қамажай мен үшін – қайтып келу. Жеңілдік. Еркіндік. Еркелік. Сымбат. Расында, өзіңе қайта оралу – бұл өмірдің жаңа парағын ашу секілді. Қамажайды Сіз де билеген боларсыз? Әр қимыл – өмірдің бір әуені, әр ырғақ – жанның бір сыры. Келісесіз бе? #динатолепберген #динатөлепберген #қамажай
Тағдырдың ба, әлде мына жүйенің бе… білмеймін. Бірақ өмірде ақшасы жоқтың өмірі тым ауыр екенін сезіндім. Бүгін басымнан өткен оқиғаны жазып отырмын. Анам — дәрігер. 30 жыл бойы жедел жәрдемнің жаны болды, өмір мен өлім ортасында сан рет адамға қол созды. Енді, тағдыр оны сынаққа алып келгендей, қасіреттің алдында шарасыз отыр. Бір апта бұрын дәрігерлер анама жаман ауруға күдік бар деді. Онкологиялық орталыққа жолдады. Барсақ, кезегіміз тек бір айдан кейін деді. Аурудың алдында күндер емес, тіпті әрбір секундтың маңызы барда, бізге бір ай күту мүмкін бе? Жоқ, біз шыдамай, қолдан келгеннің бәрін жасап, дәрігерге кезексіз кірдік. Бірақ қабылдап тұрған дәрігер тек қағаздарға қарап, “онкология расталмаған, гистологияны біз жасамаймыз” деп емханаға қайтарды. Емхана енді қайда жіберерін білмейді. Айналдырған екі ауруханаға кезек-кезек есік қақтық. БСНП /ГЦРЧ. Екеуі де ота жасауға ақылымыз да, техникамыз да жетпейді дейді. Анамның көзі жасқа толды, бірақ ол дәрігер ғой, бәрін түсінеді, бәрін сезеді. Алайда сол түсінік пен білімі оның жан жарасын жеңілдетпеді. Қарапайым адамға жүйе деген — қайрағы жетпейтін тас қамал екен ғой. Ақыры жекеменшік емханаға бардық. Бізде мүмкіндік бар, ал ондай мүмкіндігі жоқтар қайда барады? Олар үшін де жауап бар ма? Үкімет, денсаулық сақтау министрлігі, депутаттар! Қатерлі дертке қарсы тұру үшін өзгерістер қажет! Қарапайым халықтың шырқын бұзбай, жүйені әділетті етіңіздер. Ауырған жанның тағдырын кешеуілдетпеу үшін протоколдарды өзгертіңіздерші. Бізді адастырмаңыздаршы! #динатөлепберген #динатолепберген